Әлем • Кеше

Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air India әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Үндістандағы Ахмедабад әуежайынан көтеріле салысымен апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Фото: News18

Дерекке сәйкес, ұшақ бортында кемінде 242 жолаушы болған. Әуе кемесі Лондонға бағыт алған. Ұшақ Астана уақытымен сағат 13:08-де ұшып, бес минуттан кейін апатқа ұшыраған. Апаттан кейін әуежайға кіретін жолдар уақытша жабылды.

Оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдар әлеуметтік желілерде таралуда. Апаттың нақты себептері мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Үндістанның Азаматтық авиация бас дирекциясы (DGCA) Boeing компаниясымен бірлесіп тергеу жүргізуді бастады. Air India әуе компаниясы да апатқа қатысты барлық мән-жайды анықтаумен айналысып жатқанын хабарлады.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті