
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Сонымен қатар аталған филиал облыс әкімдігімен бірлесіп, егілген дақылдарды толық сумен қамту бағытында жұмыстарды бастады. Елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мониторингтік топ құрылды. Барлық магистральдық және шаруашылықаралық канал арқылы суды кезекпен беру кестесі жасалды.
«Суармалы суды қайта пайдалану мақсатында су пайдаланушыларға күріш алқаптарынан суды коллекторлар арқылы жинап, оған сорғы қондырғыларын орнату тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп хабарланды Су ресурстары және ирригация министрлігінен.