Білім • Кеше

Астанада Digital Generation IT мектеп жанындағы жазғы лагердің бірінші ауысымы қорытындыланды

110 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы №112 мектепте (A102, 37-аудитория) Digital Generation IT мектеп жанындағы жазғы лагерінің бірінші ауысымының қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жазғы демалыс кезінде ақпараттық технологиялар бағыты бойынша білім алған 7-ден 15 жасқа дейінгі оқушылар өз жетістіктерін ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Digital Generation IT мектеп жанындағы жазғы лагердің бірінші ауысымы қорытындыланды

Іс-шара сағат 10:00-де басталды. Алғашқы бөлімде оқушылар жаз бойы меңгерген дағдыларын көрсетіп, түрлі бағыттағы жобаларын таныстырды. Бағдарлама аясында балалар бағдарламалау негіздерін, 3D модельдеуді, сайт жасауды, робототехниканы және басқа да цифрлық бағыттарды үйренген.

Іс-шараның екінші бөлігінде әр мектептің оқушылары жасаған роботтар мен сайттар көрмеге қойылды. Жобалар балалардың өзіндік ойлау қабілетін, техникалық білімін және шығармашылық икемін айқын көрсетті. Әр оқушы өз жұмысын таныстырып, оны жасау барысындағы идеяларымен бөлісті.

1

Көрме соңынан кейін оқушылар арасында робо-сумо және дрон жарыстары ұйымдастырылды. Бұл сайыстар оқушылардың техникалық құрылғыларды басқару шеберлігін және топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Көрермендер, ата-аналар мен мұғалімдер бұл жарыстардан ерекше әсер алды.

Digital Generation IT жазғы лагері балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және командалық рух қалыптастыруға бағытталған. Лагерь шеңберінде 3D модельдеу мен заманауи цифрлық құралдар арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығы мен еркін ойлау дағдысы тереңдей түсті.

1

Бағдарламаға Астанадағы №95, 102, 107, 108, 109, 111 және 112 мектептердің оқушылары қатысты. Алдағы уақытта осы мектептердің оқушылары арасында жаңа жобалар мен бірлескен жарыстар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Іс-шара соңында ата-аналар мен ұстаздар лагерьдің маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Оқушылар бұл лагерьде тек білім ғана емес, жаңа достар, шабыт және болашаққа сенім тапқанын айтты.

1

1

1

Әсел МҰРАТБЕКҚЫЗЫ, Астана қаласы №112

орта мектептің мұғалімі

Соңғы жаңалықтар