
Бұл деректер облыс прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Бизнес және инвестицияны қорғау» форумында келтірілді. Кәсіпкерлердің құқын қорғау, өңірдегі бизнеске кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді анықтап, уәкілетті органдармен бірлесіп шешу жолдарын табу мақсатындағы форумда, сондай-ақ 4,7 млрд теңгеге кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалғаны айтылды.
Сотта 57 істің 26-сы кәсіпкер пайдасына шешілген. Кеңесте қаралған 34 мәселе бойынша 191 ұсыныстың 78%-ы орындалды. «Бизнеске жол» жобасы аясында 30 отырыста 55 мәселе талқыланып, 19-ы оң шешімін тапқан. Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков құқық қорғау және бақылаушы мемлекеттік органдардың, облыстық басқармалардың өкілдері және 100-ге жуық кәсіпкер мен инвестор қатысқан форумда маңызды баяндамалар жасалып, тиісті ұсыныстар берілді.
Форум қорытындысы бойынша кәсіпкерлер көтерген мәселелер бақылауға алынып, әрбір мәселе бойынша нақты уәкілетті орган жауапты болып бекітілді.
Түркістан облысы