ОРАЛ. 22 маусым. Батыс Қазақстан облысында шетелдің КПО б.в. компаниясы біраз жылдан бері көмірсутегі шикізатын өндіруде. Өңірдің ауданаралық экономикалық соты аталған компанияға экологияны ластағаны үшін 7 млрд.-тан астам теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
КПО б.в.-ның өндірісі тұтастай алғанда ел экономикасына мұнай-газ секторынан түсетін тиімділік пен пайданың үлесін көбейтуге септігін тигізе алады. Алайда, компания альянсы өз еркімен ауаны ластайтын заттарды шығаруға жол беріп жатса, ол тиімділік пен пайданың құны көк тиын болып қалмасына кім кепіл?! Өйткені, мұндай жағдайда жергілікті тұрғындардың денсаулығына оның теріс әсері тиюі әбден мүмкін.
Сонымен қатар, мұның өзі еліміздің экологиялық заңдылықтары мен талаптарына да қайшы келеді. Қарашығанақ кеніші аумағында газды алау жағу мен техникалық жағдайға байланысты оның бұзылу көріністері орын алды. Оны Батыс Қазақстан облыстық экология департаменті өткен жылдың желтоқсан айында жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде анықтады. Соған сәйкес аталған департамент сотқа тиісті талап-арыз жолдады. Өз кезегінде Батыс Қазақстан облыстық ауданаралық экономикалық соты КПО б.в. компаниясынан 7 млрд. 286 млн. 716 мың теңге өндіру жөнінде шешім шығарды.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: uralskweek.kz.
• 22 Маусым, 2015
Батыс Қазақстанда КПО б.в. компаниясына 7 млрд. теңге айыппұл салынды

Парламент Қазақстан Халық Кеңесі туралы заңды мақұлдады
Парламент • Бүгін, 11:06
«Қазақстан Халық Кеңесіне» қандай міндеттер жүктеледі?
Парламент • Бүгін, 10:55
Аида Балаева халықаралық отбасы күнімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 10:45
Руханият • Бүгін, 10:40
Жаз маусымында Балқашқа қосымша пойыздар қатынайды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Дональд Трамптың Бейжің сапары нені өзгертеді?
Әлем • Бүгін, 10:25
Өскеменде тіс емханасының 53 қызметкеріне екі айдан бері жалақы төленбеген
Қоғам • Бүгін, 10:05
Астанада 2035 жылға дейін екінші әуежай салынады
Қоғам • Бүгін, 09:59
Маңғыстауда 40 млн жыл бұрынғы акула тістері табылды
Оқиға • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 74 түрлі дәрілік зат шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады
Медицина • Бүгін, 09:38
Үсік пен аптап ыстық: Елімізде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Бүгін, 09:27
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10