
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Министрдің айтуынша, ел экономикасының негізгі тірегі – өнеркәсіп саласы, ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ құрылымының 25,7%-ын құраған. Биылғы бес айда сала 6,4% өсім көрсеткен.
Кеңесте өнеркәсіптің ішкі бағыттары – машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу салаларының да өсім әлеуеті қарастырылған.
Айта кетейік, құрылыс саласы ерекше қарқын көрсетіп отыр. 2025 жылдың алғашқы бес айында өсім 15,4%-ға жетіп, орындалған жұмыс көлемі 2 трлн теңгеден асқан.
Тұрғын үй құрылысы да оң серпін көрсетіп, жыл соңына дейін 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазірдің өзінде 6 млн шаршы метр тапсырылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% өсім тіркелген.
«Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет», деді Серік Жұманғарин.