Саясат • Бүгін, 17:26

Қытаймен зияткерлік меншік саласында ынтымақтастық нығаяды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада  Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев пен Қытай Халық Республикасының Зияткерлік меншік жөніндегі ұлттық басқармасының комиссары доктор Шэнь Чаньюй арасында екіжақты кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қытаймен зияткерлік меншік саласында  ынтымақтастық нығаяды

Тараптар зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылап, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру және қызмет тиімділігін арттыру мәселелері турасында пікір алмасты.

Қытай халықаралық патенттік өтінімдер, өнеркәсіптік үлгілер және тауар белгілерінен жетекші орында тұрғаны атап өтілді. Бұл елдің инновациялар мен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жоғары даму деңгейін көрсетеді.

Министр Қазақстанның зияткерлік меншікті инновациялық дамудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны құқықтық қорғауды нығайтуға ұмтылысын атап өтті. Өз кезегінде Қытай тарапы өзара іс-қимылдың оң серпінін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу шеңберінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Бұл бастама аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы тең құқылы, өзара тиімді және егемендікті құрметтеуге негізделген стратегиялық серіктестік дамып келеді.

Кездесу жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жалғасы болып, зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара дайындықты нақты растады.