«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Онда елордалық денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес деңгейін анықтау мен жемқорлық көріністеріне жол беретін себептер мен жағдайларды ескерту және жою мәселелері қаралды.
Кеңес отырысына оның төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Рамазан Сәрпеков, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық бөлімшесі төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары, Астана қаласы мәслихатының депутаттары және т.б. қатысты.
Отырыста сөз алған Р.Сәрпеков: «Мемлекет басшысының тапсырмаларына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күресті одан әрі күшейтіп, азаматтарымыздың құқын нығайта түсуіміз қажет» деп атап көрсетті.
Ал өз кезегінде сөз алған Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл Сегізбаева бақылау және қадағалау органдарының, оның ішінде Есеп комитеті, прокуратура органдары, Қаржы бақылау инспекциясы және т.б. тиісті мекемелердің жүргізген тексерістерін алға тартты. Мәселен, өткен жылы басқармада 6 тексеріс орын алған, оған 167 күн кеткен. Сөйтіп, А.Сегізбаеваның айтуына қарағанда, жалпы медициналық ұйымдарда 97 тексеріс орын алса, оған барлығы 1080 күн жұмсалған, демек жылына бір медициналық ұйымға 3-4 тексерістен келеді екен. Десек те, осы тексерістердің арқасында біраз сырдың беті ашылған секілді. Мәселен, автокөлік құралдарына арналған шығын лимиті асыра көрсетілген, несие берешегі болса да сыйақы тағайындау мен негізсіз қосымша ақы төлеу, сыйақыларды жоспарлау, жоғары нормативті дәрежелерді ұстау, кассалық тәртіпті бұзумен қатар, дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің жеткіліксіздігі және негізгі қаражаттарды есептен шығару мен қаржылық есепті бұрмалау кең өріс алған екен.
Осы аталған кемшіліктерге байланысты дер уақытында тиісті шаралар қабылданып, кінәлі адамдар, яғни басқарманың қос бөлім жетекшісі жауапқа тартылды. Оларға қатаң сөгіс жарияланды. Медициналық ұйымдардағы 40 маманның 32-сі сөгіс алса, 8-іне ескерту берілді. Бірінші басшылардың, олардың орынбасарлары мен бас есепшілердің жалақылары толықтай қайта қаралды. Еңбекақыны тағайындаудың оңтайландырылған үрдісі іске қосылды. Шұғыл қабылдау бөлімдерінің штаты көбейіп, ондағы дәрігерлердің айлығы ұлғайтылды, деп түсінік берді соңында А. Сегізбаева.
Сонымен қатар, ол неліктен науқас жандар жедел жәрдемді екі сағат бойы күтеді деген сұраққа да жауап қайтарды. Оның айтуынша, барлық шақыртулар 15 минөт ішінде қамтамасыз етілмейтін көрінеді. Өйткені, әр шақыртудың жөні бөлек, сондықтан, әрқайсысы әртүрлі, яғни өтініш пен науқастың ауырлығына сай дәрежеленеді. Осыған байланысты қазіргі күні жедел жәрдем жүгін азайту мақсатында кеңестер беретін нүктелер саны арттырылыпты. Ал мұның науқастар үшін қандай тиімді көмегі болары әзірге белгісіз. Бірақ дәрігерлер ауырып жатқан науқастардың көңілін қызыл сөзбен де жұбата білсе, кім біледі, шипа боларына сенімді секілді.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30