Әлем • Бүгін, 16:15

Әлемді аралау үшін үйін сатқан режиссер рекорд орнатты

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Детройт қаласының 36 жастағы тұрғыны, режиссер Майкл Зервос Гиннес кітабының жаңа рекордшысы атанды. Ол өзінің сапарын 2024 жылғы 18 қаңтарда бастап, 2025 жылғы 30 мамырда аяқтаған. Сөйтіп әлемнің барлық 195 елін 499 күн ішінде (алдыңғы рекордтан 55 күнге озған) аралап шыққан, деп жазады Egemen.kz.

Әлемді аралау үшін үйін сатқан режиссер рекорд орнатты

Фото: hometownlife.com

Daily Mail мәліметінше, ол өзінің сапары үшін үйін сатып, алдымен Ресейге, одан кейін Түркияға, әрі қарай бүкіл Африка құрлығы, Таяу Шығыс, Қазақстан, Азия, Океания, Еуропа және Оңтүстік Америкаға сапар шеккен. Ол әр елде ең аз уақыт дегенде бір түн түнеп отырған. Аралаған елінде түрлі адамдардың әңгімелерін тыңдап, олардың ең бақытты сәті туралы видео да түсірген.

Майкл Зервосқа Тынық мұхитындағы Самоа аралы қатты ұнаған:

«Бұл – жердегі жұмақ. То-Суа – табиғи су қоймасының сұлулығына ештеңе тең келмейді. Оның үстіне Самоа қаржы жағынан да қолжетімді» десе, Бутан – Гималай шекарасындағы буддистік корольдік оны терең мәдениетімен таңғалдырып: «Мұнда бәрі шынайы. Адамдар дәстүрмен өмір сүреді. Бұл өз жаныңды айнадан көргендей әсер етеді», деген, ал Лесото – «Аспан асты корольдігі» теңіз деңгейінен мың метр биіктікте орналасқан ел – ерекше табиғаты және қонақжайлылығымен есінде қалып: «Таулы қалаға көтерілу – басқа ғаламшарға өткендей», деп айтқан.

Зервос тіпті Солтүстік Кореяда да болып, басқалар үшін жабық елдің халқы ашық мінезді болып шыққанына таң қалған. Олармен дін, саясат және өмір туралы әңгімелесе келе, мәселе адамдарда емес режимде екенін түсінген.

АҚШ-тағы қалыпты өміріне оралған саяхатшы әлемдік сапары дүниетанымын түбегейлі өзгерткенін айтқан.

Зервос БҰҰ-ға мүше 193 елде, сондай-ақ бақылаушы мәртебесіне ие Ватикан мен Палестинада болған. Гиннестің рекордтар кітабы жаһандық жетістіктерді тіркеу кезінде дәл осы санды қолданады.