Елорда • 17 Маусым, 2025

Көлік министрлігі «Орталық– Батыс» жобасын іске асырады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қытай – Орталық Азия» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында ҚР Көлік министрлігі мен Қытайдың CITIC Group корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға   қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Көлік министрлігі «Орталық– Батыс» жобасын іске асырады

Фото: ҚР Көлік министрлігі

Аталған құжат бойынша Астананы елдің батыс өңірлерімен жалғайтын стратегиялық маңызы бар «Орталық– Батыс» жобасын бірлесе іске асыру көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Орталық-Батыс» жобасы – Қазақстанның көлік саласындағы басты бастамаларының бірі, жоба – өңірлер арасындағы байланысты күшейтіп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға бағытталған.

Бұған дейін тараптар мамыр айында Қытайда келіссөз өткізіп, ынтымақтастық пен жобаны бірлесе іске асыру шарттарын талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025