Құрылыс • 17 Маусым, 2025

Құрылыс саласында өсім бар

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында елімізде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2 001 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылыс саласында өсім бар

Фото: Ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, құрылыс нарығындағы негізгі салмақты жеке құрылыс ұйымдары көтеріп отыр, яғни жалпы көлемнің 91,2%-ы осы сектордың үлесінде. Шетелдік құрылыс ұйымдарының үлесі – 7,7%, ал мемлекеттік мекемелер – небәрі 1,1% жұмыс атқарған.

Құрылыс көлемінің ұлғаюы, әсіресе, имараттар (20,7%) мен тұрғын емес ғимараттардың (11,6%) құрылысы және жөндеу жұмыстарының қарқын алуымен байланысты.

Құрылыс бағыттары бойынша:

  • Тұрғын емес ғимараттар құрылысы – 25%;
  • Автомобиль, теміржол және метрополитен құрылысы – 19,7%;
  • Тұрғын үйлер салу – 13,3%.

1

Бұл көрсеткіштер салада коммерциялық және инфрақұрылымдық жобалардың басымдыққа ие екенін көрсетеді.

Сонымен қатар еліміздің 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің артуы тіркелген. Ең жоғары өсім келесі аймақтарда байқалды:

  • Маңғыстау облысы – 2 есе;
  • Қызылорда облысы – 64,5%;
  • Түркістан облысы – 46,6%;
  • Астана қаласы – 51,8%;
  • Ақмола облысы – 39,8%;
  • Павлодар облысы – 37,4%;
  • Алматы қаласы – 24%

2

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35