
Фото: Oqu-agartu ministrligi
Команданы дайындағандар – республикалық-халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары, тәжірибелі тәлімгерлер Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов.
Елордадағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанып, қоржынға алтын медаль салды.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Астанадағы РФММ-нің тағы бір 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматыдағы «Miras» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль иеленсе, «Nurorda» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль иегері болды. Ал Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр «Құрмет» грамотасын алды.
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған. Биылғы көрсеткіш – дарынды оқушылармен жұмыс жүйелі-нәтижелі жүргізіліп жатқанын айғақтайды.