Кино • Бүгін, 08:10

«Әжесінің баласы» тағы да марапат алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Чита қа­ла­сында XII Забайкалье халықаралық ки­но­­фес­­тивалі өтті. Фес­тиваль қоры­тын­ды­­сы бойынша «Жаңа көз­қарас» байқауының үздік фильмі ретінде Қазақстан режис­сері Асхат Кү­чин­череков­тің «Бауы­рына салу» кар­тинасы танылды.

«Әжесінің баласы» тағы да марапат алды

Айта кетейік, фильм Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі мен Ұлттық кино­ны қолдау мемлекеттік орта­лығының қолдауымен түсірілген. Кинотуынды әже­сінің тәрбиесінде өскен баланың тағдырын баяндайды. Фильмде көне қазақ дәстүрі – баланы бауырына салу айқын көрініс табады. Әжесі қайтыс болған соң бала ата-анасына оралып, олармен қайта байланыс орнатуға тырысады. Бұл – режиссердің өз басынан өткен оқиғаларға негізделген туынды.

«Бауырына салу» фильмі бұған дейін де халықара­лық деңгейде жоғары бағалан­ған. Ол «Asia Pacific Screen Awards» байқауында үздік жас­өс­пірімдер фильмі атан­ды, Әзербайжанда өт­кен «Baku International Film Festival»-дің бас жүлдесін иеленді, Фран­циядағы «Cine­ma Heritage Festival»-де арнайы марапатқа ие болды. Сон­дай-ақ фильмнің операто­ры Жанарбек Елеубек «Asia World Film Festival»-де «Үздік оператор» аталымы бойынша марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан атынан 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына «Шетел тіліндегі үздік фильм» санатында ресми түрде ұсынылған болатын.