Шаруашылық • Кеше

Бурабайдағы бірегей ферма

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурабай ауданында бірегей марал шаруашылығы жұмыс істейді. Мұнда тек асыл тұқымды бұғыларды тамашалап қана қоймай, мүйізге негізделген сауықтыру курсынан өтуге болады, деп жазады Egemen.kz.

Бурабайдағы бірегей ферма

Айналасы қарағаймен қоршалған, қаланың у-шуынан алыс жерде 300-ге жуық марал мекендеген шаруашылық бар. Олардың барлығы марал өсіру дәстүрімен танымал Шығыс Қазақстан өңірінен әкелінді. Марал мүйізі халықтық және дәстүрлі медицинада ежелден қолданылып келеді. Шаруашылықта арнайы емдеу бағдарламалары бар, мұнда жергілікті тұрғындар ғана емес, шетелден де қонақтар келеді.

Мен Қостанайда тұрамын. Бурабай баурайына жолымыз түскен. Осы жерде марал фермасын тамашалап, тәнті болдық.  Бұл өлкенің сұлулығын естісем де, тамаша табиғатының қойнауында осындай аң бар екенін білмеппін. Алдағы уақытта басын көбейтіп, табиғи қазынаны байыта түссе, жарасымды болар еді, – дейді демалушы Ақбаян Бәйішева.

Бірегей ферма бүгінде экотуризм мен шипалы табиғат үйлескен нағыз демалыс орнына айналған.

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы.