Кино • Бүгін, 08:10

«Қажымұқан» – Жетісуда

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ киносының онкүндігі» мәдени жобасы басталды.

«Қажымұқан» – Жетісуда

Сурет: buqara.kz

Іс-шараның ашылу салтанаты І.Жансү­гіров атындағы Мәдениет сара-йында өтті. Жоба аясында халқымыздың даңқты ұлы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы мен жарқын жетістіктері көркем бейнеленген «Қажымұқан» фильмі ұсынылды. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

Кино күндері аясында әртүрлі жанрдағы фильмдер көрсетіледі. Көр­некті тұлғалардың жүріп өткен жолын бейнелейтін «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан» фильмдері, отан­ға деген сүйіспеншілік пен әскери қызметкерлердің өмірін баяндайтын «Набат операциясы», «Патриоттар уақыты» туындылары көрерменге жол тартады. Сонымен қатар дәстүр мен ұлт болмысын ашып көрсететін «Бауырына салу» фильмі де ұсынылады.

Айта кетейік, жобаның мақсаты – отандық туындыларды кеңінен таныстырып, ауыл-аймақ тұрғындарына ұлттық киноның жаңарған келбетін көрсету. Бұған дейін мұндай көрсетілімдер Қара­ғанды, Жамбыл, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында өткен болатын.