Байқау • Бүгін, 08:15

Үлгілі отбасының жеңісі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында өткен «Jas tolqyn» жас таланттар байқауынан Жетесовтер отбасының «Шашу» халықтық ансамблі Бауыржан Ақтаевтың «Қайран елім» күйін орындап, бас жүлдені жеңіп алды.

Үлгілі отбасының жеңісі

Ақтық сайысқа ірік­теліп шыққан 350 бала хореография, вокал, аспаптық жанр, дәстүрлі ән және әлеуметтік бейне аталымдары бойынша сынға түсті. Дарынды балалардың өнер жолын­дағы қадамдарына серпін бере­тін жобаны «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ ұйымдастырды. Гран-при иегер­лері Мәскеу қаласында өтетін ақтық сайысқа жолдама алды.

Үш баласына қоса 25 жетім баланы бауырына басқан Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанова бірнеше жыл бұрын «Шашу» отбасылық ансамблін құрып, қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттау­мен айналыса бастаған еді. Бүгінде олардың жеті баласы – Астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері.

Ер же­тіп, азамат бола бастаған үл­кендеріміз кі­шілеріне үлгі болып жүр. Қуанатынымыз, бауырымызға басқан 25 жетім баланың 23-і қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, күй шертіп, ән салады, терме айтады. Өзіміз дәстүрлі өнерде жүрген соң балаларымызды да осы бағытта тәрбиеледік. Ән мен күйді сүйетін балалар өсіргенімізге анасы екеуміз қуанамыз. Бұл төккен тер мен қажырлы еңбектің нәтижесі. Өнерде жүрген бала ешқашан да тентек болмайды», дейді көпбалалы әке Өмірхан Жетесов.

 

Ақтөбе облысы