Президент • Бүгін, 15:36

Президент респиратор мен газтұтқы шығаратын зауытқа барды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев MFA International компаниясының елордадағы кәсіпорнын аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.

Президент респиратор мен газтұтқы шығаратын зауытқа барды

Бұл –индустриялық респиратор мен газтұтқы шығаруда Түркиядағы ең ірі және Еуропадағы үштікке енетін компания.

2020 жылы пандемияның шарықтау шағында MFA Maske компаниясы қызмет аумағын кеңейту жөнінде шешім қабылдап, Қазақстанға инвестиция құйған болатын. Астанада медициналық, өнеркәсіптік респираторлар, газға қарсы уланудан, сондай-ақ химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық қатерден сақтайтын газтұтқы шығаратын зауыт құрылысын бастады.

Жоба құны – 10 миллион доллар. Компанияның жеке инвестициясы есебінен салынып жатыр.