
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңбырлатып және тамшылатып суару қондырғыларын шығаратын төрт отандық зауыт жұмыс істейді. Олар Түркістан облысында және Астана, Алматы қалаларында орналасқан.
Биыл Түркістан облысында тамшылатып суару жабдықтарын шығаратын үш зауыт ашу жоспарланып отыр.
«Былтыр министрлігіміз фермерлердің су үнемдеу технологияларын сатып алуы мен орнатуына кеткен шығынның өтемақысын 30%-ға арттырды. Сонымен қатар суармалы суға сараланған субсидиялар енгізілді. Су үнемдеу жүйелерін қолданатын шаруалар үшін субсидия көлемі 60%-дан 85%-ға дейін ұлғайтылды. Мұндай технологияларды қолдану суармалы суды 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді», деді сала министрлігіне қарасты Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.