Әлем • Бүгін, 13:30

Трамп әкімшілігі Иранды бомбалауға рұқсат берді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Иранға қарсы әскери шабуыл жасауға келісім берген. Бұл туралы танымал америкалық журналист, Пулитцер сыйлығының лауреаты Сеймур Херш өзінің Substack платформасындағы мақаласында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Трамп әкімшілігі Иранды бомбалауға рұқсат берді

Фото: Ашық дереккөз

Журналистің айтуынша, Ақ үй Иран аумағына кең ауқымды бомбалау операциясын өткізуге рұқсат берген. Бұл ақпарат америкалық және израильдік ресми дереккөздерге сүйене отырып жарияланған.

The Wall Street Journal басылымы да осыған ұқсас ақпарат таратқан. Оның мәліметінше, Трамп әкімшілігі Иранға қарсы әскери соққы жоспарын бекіткен, алайда шабуылды бастау туралы нақты бұйрық әлі берілген жоқ. Басылым дереккөздері Трамп Иран билігінің ядролық бағдарламадан өз еркімен бас тартады деп үміттеніп отырғанын хабарлайды.

Әскери әрекет басталған жағдайда, басты нысан – Фордодағы уран байыту зауыты болуы мүмкін. Бұл стратегиялық маңызы бар объект тау астында орналасқан және оны тек жоғары қуатты GBU-57A бомбалары ғана жоя алады. Аталған бомбаларды тастау мүмкіндігі тек АҚШ-тың B-2 Spirit атты көрінбейтін стратегиялық бомбалаушы ұшағында бар.

Сонымен қатар Axios басылымы Ақ үйдегі дереккөздерге сілтеме жасап, Трамп әкімшілігі нысаналы соққылармен шектеліп, Таяу Шығыста ұзаққа созылатын әскери қақтығыстан аулақ болуды көздегенін жазған.