Қоғам • Кеше

Шұңқырға түсіп кеткен машинаны құтқарушылар шығарды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы екі күнде Солтүстік Қазақстанда жаңбыр толассыз жауып тұр. Әсіресе, түн мезгілінде жаңбыр жиі құя салады, деп жазады Egemen.kz.

Шұңқырға түсіп кеткен машинаны құтқарушылар шығарды

Жаңбырдың көптігі жолдардың езілуіне ғана емес, шұқанақ-шұңқырларды тегіс қылып бітеп, жүргіншілерді адастыруға соқтыруда. Кеше Қызылжар ауданының бір ауданында түнгі мезгілде автокөлікпен келе жатқан әйел адам су толып қалған шұңқырды жеңіл-желпі шалшық шығар деп ойлап, тура өтемін деп түсіп кеткен. Әйтеуір өзі мен жолаушылары аман.

Өздігінен шыға алмаған соң ол құтқарушыларды телефонмен шақырып, көлікті ауыр жүк машинасымен тартып алуға ғана мүмкіндік болды.

Солтүстік Қазақстан облысы