
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін айына кемінде бір рет, тиісті мемлекеттік органның басшысы бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес, жеке қабылдауға міндетті екені нақты көрсетілген. Бұл – заңмен бекітілген жауапкершілік қана емес, сондай-ақ қоғаммен байланыс жасаудың жүйелі жолы.
Цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде көптеген қызмет түрі онлайн форматқа көшкенімен, жеке қабылдаудың маңыздылығы төмендеген жоқ. Керісінше, ол – азамат пен шенеунік арасындағы диалогтың баламасыз алаңы деп есептеледі. Қабылдау барысында отандастарымыздың жүгінген мәселесіне деген эмоциясын тікелей сезініп, жазбаша өтініштерде назардан тыс қалып, көрінбей қалатын тұстарды аңғаруға болады. Бұл әсіресе жағдай шұғыл шешім қабылдауды талап еткенде аса маңызды.
Бүгінде тәжірибе барысында байқағанымыз, қабылдаулар кезінде ресми есептерде айтылмайтын, жиі назардан тыс қалатын мәселелер көтеріледі. Мысалы, заңнамадағы олқылықтар, нормалардың жергілікті жерлерде тиімді қолданылмауы, заң мен шынайы өмір арасындағы алшақтық.
Мира ШӘУӘЛИ,
Бас прокуратура
Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаменті
Өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры