Спорт • Кеше

Нашақорлыққа қарсы жаппай жүгіру марафоны өтті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шалқар ауданы прокуратурасы,  аудандық жастар ресурстық орталығы, полиция және білім бөлімдерінің  ұйымдастыруымен нашақорлыққа қарсы «Shagkar run-2025» жаппай жүгіру марафоны өтті. Оған 200-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нашақорлыққа қарсы жаппай жүгіру марафоны өтті

Іс-шараны Шалқар ауданы әкімі Ж.Жидеханов және аудан прокуроры Н.Қатуов ашып, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауы негізінде жасақталған заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сай ұйымдастырылғанына назар аударды.  Бұл аудан тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстану мен бұқаралық спортпен айналысуға құлшыныс тудыратын маңызды қадам екендігі атап өтілді.     

Марафонға қатысушылар жарыс жолын  Әйтеке би  мен Желтоқсан көшелерінің қиылысынан бастап, Есет Көтібарұлы көшесінің бойын жағалай  өтіп,  орталық саябақта аяқтады.  

Сайыс қорытындысында  ең үздік шыққан  10 ер және 10 әйел адамға аудан әкімінің атынан естелік медаль, алғыс хат, сыйлықтармен қоса,  3-орын алғандарға    20 мың теңге,  2- орынға  30 мың теңге, ең бірінші жеткен желаяқтарға  50 мың теңгеден табысталды. Қаржылай қолдау алдағы уақытта марафонға қатысушылар санын көбейтуге бағытталған шара деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Ақтөбе облысы.