Спорт • Бүгін, 14:46

Кристина Овчинникова күміс жүлдегер атанды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл атлетикадан Польшаның бас шаһары Варшавада Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кристина Овчинникова күміс жүлдегер атанды

Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова биіктікке секіру сайысында 185 сантиметрді бағындырды. Сөйтіп екінші нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Бірінші орынға украиналық Юлия Левченко (192 см) ие болса, үшінші орынды польшалық Алисия Высоцка (185) жеңіп алды.

Айта кетсек, К.Овчинникова бұған дейін Грекияда жеңімпаз атанған болатын.