Өндіріс • 08 Маусым, 2025

Натрий цианидін өндіретін зауыттың екінші кезеңі басталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жаңа зауыттың екінші кезеңін іске асыру бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеген кезде жаңа жұмыс орындары ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Натрий цианидін өндіретін зауыттың екінші кезеңі басталды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Саутс-Ойл» ЖШС президенті Серікжан Сейтжановпен кездесу барысында Талас ауданында натрий цианидін өндіру бойынша «Talas Investment Company» ЖШС зауытын кеңейту жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады.

Жоба аясында кәсіпорынның қуаттылығы жылына 30 мың тоннаға дейін артады. Қосымша 300 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылым мәселелерін шешуге қолдау көрсетеді.Серікжан Сейтжанов құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың тамыз айының ортасына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын хабарлады.

Өңір басшысы зауыт қызметі алтын өндіру және басқа да салаларда сұранысқа ие стратегиялық өнім шығару арқылы еліміздің импортқа тәуелділігін азайтуға және өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Зауыт ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті нығайтып келеді.

 Ербол Қарашөкеев өңірдің серпінді инвестициялық жобалары мен инвестициялық саясатының негізгі бағыттары туралы айтып, Жамбыл облысының тұрақты дамуы үшін стратегиялық серіктестерді тартудың маңыздылығын атап өтті.