
- Байқау бес номинация бойынша өткізілді және бәсекелестік өте жоғары болды. Біздің оқушылар үшін бұл жай ғана жарыс емес, Абайдың рухани мұрасын түсіну, туған жерінің атмосферасын сезіну мүмкіндігі. Балалар шабыттанып, жаңа білім алып, тәжірибелерін кеңейтіп қайтты, - дейді «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру өңірлік ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Ержан Әйнеков.
Төрт қарағандылық төмендегідей номинациялар бойынша үшінші орын иеленді. «Абайдың асыл мұрасы» номинациясында Абылай Дүйсен, «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясында Нари Сүлейменов, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясында Зере Еркін, «Әнді сүйсең менше сүй» аталымында Саяжан Тайтөлеуова үшінші орын алып келді.
Сонымен қоса, жас абайтанушылар ақынның туған жері Жидебайға барып қайтты.
Қарағанды облысы