
Фото: Ақорда
«Осынау тарихи күн халқыңыздың бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілік пен тұрақты дамудың мызғымас тұғыры ретінде ерекше мәнге ие. Еліңіз тәуелсіздік құндылықтарын ту етіп, алдағы уақытта да биік мақсат-мұратқа жете беруіне тілектеспін», деп жазылған жеделхатта.
Президент Қазақстан мен Мозамбик арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі дами беретініне сенім білдірді.