Оқиға • Бүгін, 12:26

«Тайынша-Май» зауытында газ жарылып, 9 адам зардап шекті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Ильичевка ауылында ірі кәсіпорында газ жарылысы болып, тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тайынша-Май» зауытында газ жарылып, 9 адам зардап шекті

Фото: Видеодан алынған кадр

Куәгерлердің айтуынша, газ құю кезінде шланг үзіліп, соның салдарынан газ жиналатын құрылғылар жарылып, Volvo маркалы газ тасымалдаушы көлік отқа оранған. 

Облыстық полиция департаменті төтенше жағдай туралы ақпаратты растады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорындағы екі газ жинақтаушы құрылғы жарылып, артынша Volvo маркалы газ тасылмалдаушы көлік өртеніп кетті. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер, полиция және шұғыл қызмет мамандары жетті», делінген хабарламада.

Ресми деректерге сәйкес, оқиға салдарынан тоғыз адам зардап шеккен, оның сегізі ауруханаға жеткізілген. Кейбір науқастар Тайынша ауданының көпсалалы ауруханасына жатқызылса, тағы бірнешеуі Ақмола облысының медициналық мекемелеріне жеткізілген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.