
Оқиға қоғамдық көлікте №2 бағыттағы автобуста болған. Іс материалдарына сәйкес, жүргізушімен жанжал кезінде И. қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушыларға моральдық жайсыздық тудырып, қатты дауыспен балағат сөздер айтқан.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін жартылай мойындады – тек тәртіп бұзғанын растады, бірақ бұзақылық әрекеттерін мойындамады.
Алайда, сот И.-дің бұл жыл ішіндегі екінші рет тәртіп бұзғанын ескерді. Бұған дейін, 2025 жылдың 10 маусымында ол дәл осындай мінез-құлқы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.
Сот ұсынылған дәлелдер мен түсініктемелерді қарастырып, И.-дің әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі – «Ұсақ бұзақылық, бір жыл ішінде қайталап жасалған» деп саралады. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.