
Бірақ бұл қызметті жеке куәлік иесі ғана пайдаланады. Бұған басқаның атынан немесе сенімхат пен қамқоршылық негізінде өтінім бере алмайсыз. Бұл адамдардың уақытын үнемдеп, көші-қон қызметіндегі жүктемені азайтуға бағытталған. Сондай-ақ азаматтың жеке куәлігіндегі суреті мен қолтаңбасы қызметте көрсетілген талапқа сай болуы қажет.
Айта кетейік, жеке куәлікті онлайн түрде тек оның қолданылу мерзімі аяқталғанда ауыстыруға болады. Мәселен, ол құжат мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын немесе мерзімі өткеннен кейінгі 10 күн ішінде ғана қолжетімді.