Энергетика • Бүгін, 10:05

Жылу желілерін жаңғыртады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылу көздері мен жылу желілерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру аясында Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау үшін Үкімет резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Жылу желілерін жаңғыртады

Ұзындығы 398 шақырым қалалық жылу желілерінің тозуы – 56,6%. Бұл тұрғын үй, әлеуметтік және басқа да нысандарды жылумен қамтуға кері әсерін тигізуде. Жылыту маусымында ресурстардың айтарлықтай шығыны орта есеппен 35-40%-ға жетеді, бұл қолданыстағы және салынып жатқан нысандарды жылу желілеріне қосуға мүмкіндік бермейді.

Жезқазған қаласының кеңеюін және салынып жатқан жаңа Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, реконс­трукциялау мен жаңғырту бойынша бастапқы жоба түзетілді: құбырлардың диаметрі 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін, ал реконструкциялауға жататын желілердің ұзындығы 11,4 шақырымнан 12,3 шақырымға дейін ұлғайтылды.

Үкімет резервінен бөлінген 2,8 млрд теңге жобаны толық аяқтауға және 98 мың­нан астам тұрғыны бар қаланың жылу же­лі­лерін алдағы жылыту маусымына сапалы дайындауға мүмкіндік береді.

 

Соңғы жаңалықтар