С.Адамбекова өз сөзінде Мемлекет басшысының идеясымен іске асып жатқан «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасы аясында жергілікті атқарушы билік, бақылау-құзырлы органдар қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлердің арыз-шағым, ұсыныс-тілектерін мүмкіндігінше орындап жатқанын жеткізді. Кәсіпкерлер палатасындағы қоғамдық қабылдау да тұжырымдаманы іске асырудың бір бағытының бірі. Сондай-ақ С.Адамбекова іскер азаматтар тек «ашық есік күні емес» жалпы кез келген уақытта палатаға немесе құзырлы органдарға мәселесі бойынша жүгіне алатынын мәлімдеді.
Экономикалық қылмысқа қарсы орган өкілі Алмас Манатұлы елімізде «Заң мен тәртіп» ұлттық бастамасы қолға алынғанын мәлімдеді. Осыған орай мегаполисте кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-ахуалдың жақсарту бағытында департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап берді.
«Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – бизнесті қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлікті жүргізу барысында туындаған мәселелерді зерделеп, оларды шешуге көмектесу. Департамент іскер азаматтардың бизнеске байланысты кез келген проблемасын тыңдауға дайын» деді ол.
Қоғамдық қабылдауда сөз алған «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров, «Эристайл-Қазақстан» ЖШС директоры Ойрат Мамыров секілді мекеме жетекшілері кәсіпкерлік саласында ашықтық, әділдік қағидаттарын сақтау жөнінде өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Өз кезегінде экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандары қоғамдық қабылдауда көтерілген барлық мәселе қараусыз қалмайтынын, тиісті орындарға хабардар етілетінін жеткізді.
Шымкент