
Фото: Ашық дереккөз
«Кітапқа бір көз жүгіртсең болды – біреудің, бәлкім, мың жыл бұрын қайтыс болған адамның дауысын естисің. Оқу – уақыт ішіндегі саяхат».
– Карл Саган
***
«Маған кітап оқитын отбасын көрсет, мен саған әлемді жаулайтын адамдарды көрсетейін».
– Наполеон Бонапарт
***
«Кітап – бұл бақ, бақ болғанда, жеміс бағы, қойма, мереке, жолсерік, кеңесші, кеңесшілердің көпшілігі».
– Шарль Бодлер
***
«Өткен уақытқа көз сала отырып, әдебиеттің өміршеңдік күшіне тағы да таң қаламын. Егер мен бүгінгі күні өз орнымды іздеп жүрген жас болсам, қайтадан кітап оқу арқылы өзімді таныр едім – мен жастық шағымда дәл солай істегенмін».
– Майя Энджелоу
***
«Оқуды балаларға міндет немесе ауыртпалық ретінде ұсынуға болмайды. Оны сыйлық ретінде ұсыну керек».
– Кейт ДиКамилло
***
«Кітаптар адамдар сияқты – өміріңде саған дәл керек кезде пайда болады деп ойлаймын».
– Эмма Томпсон
***
«Мектепте оқуға рұқсат бермеген кітаптарды оқи бастағанда ғана, мен ессіз де бақытты болып, басқаларға ұқсамай-ақ жақсы өмір сүруге болатынын түсіндім».
– Джон Уотерс
***
«Кітаптар – өзімен бірге алып жүруге болатын ерекше сиқыр».
– Стивен Киң
***
«Кітаптар – айна іспетті: олардан сен өзіңде бар нәрсені ғана көресің».
– Карлос Руис Сафон
***
«Сөйлемес бұрын ойлан. Ал ойланбас бұрын оқы».
– Фран Лебовиц
***
«Кел, ақылмен саралап, аптаға сегізінші күн қосайық – тек оқуға арналған күн».
– Лена Данэм
***
«Егер саған кітап оқу ұнамаса, сен өз кітабыңды әлі таппағансың».
– Дж. К. Роулинг
***
«Мен диванда кітап оқып отырып әлі тірі екенімді сезіне аламын».
– Бенедикт Камбербэтч
***
«Кейбір кітаптар бізді босатады, кейбірі – еркіндікке жетелейді».
– Ральф Уолдо Эмерсон
***
«Біз жалғыз еместігімізді білу үшін кітап оқимыз».
– К.С. Льюис
***
«Кітапты сөзбе-сөз, парақтап оқығанда, сен оның жасалуына қатысасың – дәл Бахтың шығармасын орындап отырған виолончелист сияқты. Және сен қайта-қайта оқығанда, сол кітап та сені – сенің ойыңды, сезіміңді, жан-дүниеңнің көлемі мен сипаттарын қалыптастырады».
– Урсула К. Ле Гуин
***
«Көп оқы. Кітаптан үлкен, асқақ та терең нәрсе күт. Қайта оқуға татымайтын кітап – оқуға да татымайды».
– Сьюзен Зонтаг
***
«Оқуды үйренсең, мәңгілік еркін боласың».
– Фредерик Дугласс
***
«Әдебиет – біз әлем туралы үйренетін және бір буыннан келесіге құндылықтар жеткізетін қауіпсіз де дәстүрлі құрал. Кітаптар өмірді сақтап қалады».
– Лори Андерсон
***
«Көркем әдебиетті оқу маңызды. Бұл – өзімізге жат өмірді елестетуге мүмкіндік беретін тәсіл, ал ол бізді мейірімді, жанашыр ете түседі. Күрделі оқиғаларды қадағалау миымызды қысқа хабарламалардан биікке көтереді, ал роман әлемінде өмір сүру – тыныштық пен жалғыз болу дағдысын қалыптастырады, ал бұл екеуі қазір мұздықтардан да тез жоғалып барады».
– Энн Пэтчетт
***
«Оқу мен жазу – өмір бойғы тәжірибе. Сөздермен белгілі бір тәсілде кездескен кезде, олар бізді қиялдың болмысына, күшіне, қатысуына итермелейді».
– Эудора Уэлти
Ағылшын тіліне аударған
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН