
Фото: olympic.kz
Айта кетсек, оған 30 елден 300-ге жуық спортшы қатысады. Бұл Қазақстанда өтетін олимпиадалық бағыттағы WORLD BOXING ұйымының алғашқы ресми турнирі.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше жеребе тарту рәсімі өтіп, Қазақстанның былғары қолғап шеберлерінің алғашқы қарсыластары анықталған.
Ерлер:
50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай – Шодай Кото (Жапония).
55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан – Шин Чжэен (Оңтүстік Корея).
60 келіге дейін: Серік Теміржанов – Джейкоб Кассар (Аустралия).
65 келіге дейін: Ертуған Зейнуллинов – Ахмет Пекель (Түркия).
70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан).
75 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада).
80 келіге дейін: Нұрбек Оралбай – Мұрад Аллахвердиев (Әзірбайжан).
85 келіге дейін: Бекзад Нұрдәулетов – Лахлан Лоусон (Аустралия).
90 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай – Азиз Аббес Мухийдин (Италия)/Малакай Джорджес (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен.
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы).
Бұрымды боксшылар:
48 келіге дейін: Назым Қызайбай – Приянка Диллон (Канада).
51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова – Дженифер Лозано (АҚШ).
54 келіге дейін: Әнел Сақыш – Татьяна Обермайер (Германия).
57 келіге дейін: Айдана Забынбекова – Джули Рамадан (Аустралия)/Алиса Мендоса (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен.
60 келіге дейін: Виктория Графеева – Аяка Тагучи (Жапония).
65 келіге дейін: Аида Әбікеева – Дион Бурман (Ұлыбритания).
70 келіге дейін: Наталья Богданова – Чану Тхокчом (Үндістан).
75 келіге дейін: Надежда Рябец – Вивиан Дом Сантос Перейра (Бразилия).
80 келіге дейін: Гүлсая Ержан – Рани Пуйя (Үндістан).
80 келіден жоғары: Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан).