ПЕТРОПАВЛ. 22 маусым. Есіл ауданына қарасты Горное ауылына қазіргі талапқа сай жабдықталған су құбыры орнатылды. Бұл туралы аудандық әкімдіктің мамандары хабарлады.
Бұл елді мекенде осыдан 60 жыл бұрын «ЕС- 164/4 түзету мекемесі қоныс тепкен. Онда ауыр қылмыс жасап, бас бостандығынан айрылған жандар жазасын өтейді. Сол кезде скважина орнатылғанымен, ауыз судың құрамынан родон секілді адам ағзасына өте қауіпті радиациялық заттар табылған. Нормадағыдан 2,5 есе артқанына қарамастан авариялық жағдайдағы су насосын тұрғындар амалсыздан пайдаланып келген.
Аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың тікелей тапсырмасымен жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге бөлініп, су тазалау стансасы қойылды. Енді горныйлықтар өз денсаулықтары үшін алаңдамайтын болады.
«Скважинадан күніне 80 текше метрге дейін су арнайы сүзгіден өткізіледі. Тіршілік нәрінің сапасына ай сайын мониторинг жүргізілетін болады», дейді «Ақбұлақ» коммуналдық шаруашылығының диреторы Ермек Ташмақанов.
Горное ауылында 500-дей адам тұрады. Бұдан тысқары 600-ге жуық сотталушы жазаларын өтеуде.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі.
• 22 Маусым, 2015
Солтүстік Қазақстанның шалғай ауылына 60 жылдан соң таза су келді

Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше