
Форум аясында үкіметтік емес ұйымдар көшбасшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, саяси партиялар, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары бір алаңда бас қосты.
Форумның басты мақсаты – мемлекет пен үшінші сектор арасындағы диалогты нығайту, өзекті мәселелерді талқылау және азаматтық қоғамды дамыту жолында бірлескен шешімдер қабылдау.
Форум барысында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Амангельдинқызы Құрманова, 2025 жылы тек Солтүстік Қазақстан облысының өзінде үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын жалпы сомасы 400 млн теңгеге жуық 121 жоба жоспарланғанын атап өтті.
Оның ішінде әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдау, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, волонтерлікті дамыту және өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға көмек көрсету – басты назарда.
Форум қорытындысы бойынша мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалды. Қатысушылар табысты тәжірибелерімен бөлісіп, ҮЕҰ қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бастамалар ұсынды. Әлеуметтік мәселелерді шешуде жүйелі диалог пен серіктестіктің маңыздылығы тағы бір мәрте расталды.