
Еліміздің ұлттық командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мына шәкірттеріне сенім артып отыр: 50 кг – Санжар Тәшкенбай, 55 кг – Махмұд Сабырхан, 60 кг – Серік Теміржанов, 65 кг – Ертуған Зейнуллинов, 70 кг – Абылайхан Жүсіпов, 75 кг – Сабыржан Ақкалықов, 80 кг – Нұрбек Оралбай, 85 кг – Бекзат Нұрдәулетов, 90 кг – Сағындық Тоғамбай, + 90 кг – Айбек Оралбай.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Айдана Забынбекова (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (70 кг), Надежда Рябец (75 кг), Гүлсая Ержан (80 кг), Елдана Тәліпова (+80 кг) сынды боксшылар бақ сынайды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуірде Бразилияда өткен Әлем кубогінің тұсаукесерінде еліміздің ерлер құрамасы екі алтын, бір қоланы иеленді. Жалпы есепте жерлестеріміз Өзбекстан (5 алтын+2 күміс+1 қола) мен ринг қожайындарынан (2+2+1) қалып қойды. Екінші кезең Польшада ұйымдастырылды. Варшавада да өзбектер (6+1+2) алдына жан салмады. Екінші, үшінші орындарда – жарыс қожайындары (5+3+10) мен Италия (3+3+1). Бұл жарысқа еліміздің боксшылары қатысқан жоқ.