Теннис • Кеше

Елена Рыбакина «Уимблдон-2025» турнирінің екінші айналымына шықты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон-2025» турниріндегі алғашқы кездесуін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елена Рыбакина «Уимблдон-2025» турнирінің екінші айналымына шықты

Алғашқы матчта ол әлемдік рейтингте 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянды 6:2, 6:1 есебімен сенімді жеңді.

Матч 1 сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина үш эйс жасап, бір қос қате жіберді және алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Екінші айналымда Рыбакина Грекия өкілі Мария Саккаримен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің жекелей жарыс кестесінде Қазақстан атынан тек Елена Рыбакина ғана қалды. Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев және Юлия Путинцева бірінші айналымнан аса алмады.

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35