Аймақтар • Кеше

Атырау тұрғындары 505 млн теңге салық төлемеген

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында көлік иелерінің төленбеген салығы 505 млн теңгеге жетіп отыр. Оның 105 млн теңгеге жуығы өсімпұл ретінде есептелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау тұрғындары  505 млн теңге салық төлемеген

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Бисен Юсубалиевтың дерегіне қарағанда, 9 мыңнан астам адам биылғы көлік салығын әлі төлемей жүр.

«2025 жылғы көлік салығы бойынша 9 мыңнан астам жеке тұлғаның берешегі 505 млн теңгеге жетті. Оның 400 млн теңгеден астамы – негізгі салық, 105 млн теңгеге жуығы – өсімпұл. Жыл басынан бері жүргізілген 107 рейдтік іс-шараның нәтижесінде 400 адамнан 5,2 млн теңге өндірілді», дейді Бисен Юсубалиев.

Департамент өкілінің айтуынша, салық мөлшері жеке тұлғаның иелігіндегі көліктің қозғалтқыш көлемі мен айлық есептік көрсеткішке сәйкес есептеледі.

«Қазір 2024 жылдың мүлік салығын есептеу жүргізіліп жатыр. Салықты белгіленген мерзімде төлемегендерге алдымен хабарлама жіберіледі. Одан кейін салық бұйрығы шығарылып, берешек мәжбүрлі түрде өндіріледі. Бұл процесс жеке сот орындаушылары арқылы жүзеге асырылады», деп мәлім етті Бисен Юсубалиев.