Саясат • Бүгін, 16:09

Болашақ үшін күш біріктіру: «AMANAT» съезі «Әділет» партиясына қосылуды қолдады

2 мин
оқу үшін

Съезд барысында партия мүшелері, Парламент депутаттары және өңірлік ұйымдардың өкілдері сөз сөйлеп, «AMANAT» пен «Әділет» партияларын біріктіру бастамасын қолдап, пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болашақ үшін күш біріктіру: «AMANAT» съезі «Әділет» партиясына қосылуды қолдады

Жиында «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов елдегі реформаларды жалғастыру, қоғамдық келісімді нығайту және мемлекет пен қоғам мүддесі үшін күш біріктірудің маңызын атап өтті.

«Біз бірлесіп, бір пропрезиденттік күш ретінде заманауи Қазақстанды құруымыз керек. Өз идеяларымыз бен ұстанымдарымыздан бас тартпаймыз, оларды жаңа деңгейге көтереміз», деді Ерлан Қошанов.

Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченконың айтуынша, бұл шешім уақыт талабына сай қабылданып отырған маңызды қадам болып отыр.

«Біз бұл шешімді дер кезінде қабылданған бастама деп санаймыз. Түптеп келгенде, оның басты мақсаты – Тәуелсіздікті нығайту, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, Қазақстан халқының бірлігін күшейту және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы белгіленген бағытты табысты іске асыру үшін ұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттар төңірегінде күш біріктірудің маңызын бірнеше рет атап өтті», деді ол.

Оның сөзінше, партиялардың бірігуі жинақталған тәжірибені, қоғамдық әлеуетті ел дамуының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі, партияның Әйелдер қанатының тең төрағасы Үнзила Шапақ Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан саяси реформалар елді жаңғыртудың негізіне айналып, жаңа Конституцияның қабылдануына ықпал еткенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заң мемлекеттік құрылымның әділеттілік қағидаттарын нығайтып, азаматтардың саяси процеске қатысу мүмкіндігін кеңейткен.

Ал депутат Нұрсұлтан Байтілесов елдегі реформалар жастарға жаңа мүмкіндіктер ашқанын, бүгінгі жас буын қоғамдық бастамалармен қатар заң шығару процесіне де белсенді қатысып жатқанын жеткізді. Съезд қорытындысы бойынша делегаттар «Әділет» партиясына қосылу туралы шешімді қолдап дауыс берді.

Еске сала кетейік, 7 мамырда «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтті. Партия төрағасы болып Дәдебай Айбек Арқабайұлы сайланды. Ал 1 маусымда партия Əділет министрлігінде ресми тіркелді.

Соңғы жаңалықтар