Әлем • Бүгін, 10:05

Бали аралында паром апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Бали аралы маңында жолаушылар паромы суға кетіп, 60-қа жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Бали аралында паром апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға Ява аралынан шыққаннан кейін шамамен 25 минут өткен соң орын алған. AFP агенттігінің хабарлауынша, паром бортында 53 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.

Паром операторының жергілікті БАҚ-қа мәлімдеуінше, суға батар алдында кемеде қозғалтқышқа байланысты ақау туындаған.

Жергілікті биліктің ақпаратына сәйкес, төрт адам қаза тауып, 23 адам құтқарылған. Ал қалғандары із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.