Шымкент • Бүгін, 09:40

«Таза өмір – сенің таңдауың»

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында осындай тақырыпта тағылымдық кеш өтті. Іс-шараны қалалық жастар ресурстық орталығы ұйым­дас­тырды. Жиында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткен на­ша­қорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы жарияланды.

«Таза өмір – сенің таңдауың»

Дүние жүзінде 26 маусым  – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі. Бұл дата еліміз үшін де маңызды. Өйткені нашақорлық болашақ ұрпақтың тамырына балта шабумен бірдей. Бір ай бойы жауапты мекеме жастар арасында есірткі, лудомания, буллинг секілді зиянды әдеттер­дің алдын алу жөнінде ақпарат­тық-түсіндіру жұмыстарын жүр­гізді. Саламатты өмір салтын насихаттады. Осындай маңызды іс-шаралар ішінде танымдық кездесу, тақырыптық тренинг, көрме, флешмоб мен акциялар ұйымдастырылды.

Жиында  Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков, Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова сөз сөйлеп, жас­тар арасында саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылы­­ғы­на тоқталды. Өскелең ұрпақты денсаулыққа зиян келтіре­тін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Сонымен қатар айлық шең­бе­рінде белсенділік танытқан ерік­ті­лер мен жастар ұйымдарының өкіл­­­дері арнайы алғыс хаттармен, түр­­­лі жүлдемен марапатталды. Кеш барысында қалалық білім, дене шы­нықтыру және спорт, жұ­мыс­­­­пен қамту және әлеуметтік қор­­­­ғау бас­қар­ма­лары, құқық қор­ғау органдары көп­шілік назарына та­­­қы­­рыпқа байла­ныс­ты та­ным­дық ақ­­­па­раттар ұсынды. ­Іс-шара со­ңын­да қа­тысушылар «Quiz» әді­сі­мен ин­тел­лектуалдық ойын өткі­зіп, же­ңім­паз­дар естелік сый­лық­тармен марапат­талды.

 

ШЫМКЕНТ