Спорт • Бүгін, 14:49

Астанада ауыр атлетикадан Азия бәсекесі басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасөспірімдер мен жастар арасында ұлдар мен қыздар санаты бойынша ауыр атлетикадан елордада Азия чемпионаты бүгін басталды, 10 шілдеде аяқталады. Турнир – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді, деп жазады Egemen.kz.

 

Астанада ауыр атлетикадан Азия бәсекесі басталды

Фото: olympics.com (архив)

Байрақты бәсекеге Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және өзге де Азияның 25 елінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы 36 спортшыдан құралған, бұл – чемпионатқа қатысып жатқан елдер арасындағы ең ірі делегация.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ережелеріне сәйкес өтетін жарыста 17-20 жас аралығындағылар аталған спорттың жұлқа көтеру, серпе көтеру, қоссайыс түрлері бойынша сынға түседі.

Көрермендерге кіру тегін.