Спорт • Бүгін, 10:50

Түркиядан табысты оралды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білікті бапкер Мадияр Құрамысов жаттықтыратын еліміз­дің ұлттық құрамасы Түркияның Коджаэли қала­сын­да өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті.

Түркиядан табысты оралды

Сурет: Olympic.kz

Жарысты жер­лес­теріміз бес жүл­демен қорытын­дылады. Әлем чемпиондары Нұрқожа Қайпанов (74 кг) пен Ризабек Айтмұхан (97 кг) барлық қарсыласын айқын ұтып, алтын медальды олжалады. Начын Куулар (70 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Әлішер Ерғали (125 кг) финалға дейін еш кедергісіз жеткенімен, шешуші тұста ұтылып, күмісті қанағат тұтты.

Жалпы командалық есепте еліміздің құрамасы бозкілем қожайындарын алға жіберіп, екінші орынды иеленді. Үшінші орында – Болгария балуандары.