Қоғам • Бүгін, 14:38

Семейде балық аулап отырған жасөспірімді аяусыз ұрып-соққан

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының Семей қаласында 4 шілде күні су жағасында балық аулап отырған жасөспірімге бірнеше адам шабуыл жасап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Egemen.kz

Семейде балық аулап отырған жасөспірімді аяусыз ұрып-соққан

Зардап шеккен бала ауыр жарақат алып, бірнеше дене жарақаты мен сүйек сынуы диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілген.

Абай облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Эльзира Солтабаеваның айтуынша, қазіргі таңда ҚР ҚК 107-бабы (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«Мен баланың анасымен байланыстамын. Қазір оларға Психологиялық қолдау орталығының көмегі ұсынылды», – деді өңірлік омбудсмен Instagram парақшасында.

Эльзира Солтабаева жәбірленуші тараппен тікелей байланыста екенін, қазіргі уақытта баланың жағдайы бақылауда екенін айтты.

Ол «Мұндай жағдайлар баланың психикасына ауыр әсер етуі мүмкін, сондықтан кәсіби психологтар көмегі өте маңызды» екенін ерекше атап өтті.