Зерде • Бүгін, 17:09

Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында топ жарды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында 29 маусымда басталып, бүгін мәресіне жеткен халықаралық ғылыми физика олимпиадасында (ISPhO-2025) еліміздің оқушылары жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды, қоржында 4 күміс, 1 қола медаль бар, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында топ жарды

Фото: Oqu-agartu ministrligi

21 елдің оқушылары қатысқан білім бәйгесі екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланып, 5 оқушы елге 10 марапатпен оралды.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, күміс медаль иегерлері: Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы; Таир Әбдіқадыр – Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы; Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы; Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы. Ал қола медаль иегері: Даниэль Тюлюбаев – Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейнің 11 сынып оқушысы.

Сондай-ақ, теориялық айналым нәтижелері бойынша Роман Черемнов, Илияс Қазымбек 1-дәрежелі дипломға, Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов 2-дәрежелі дипломға ие болды.