Парламент • Бүгін, 17:45

Мәжіліс депутаты «Ақжайық» шағынауданының құрылыс барысымен танысты

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында 50 мың адамға арналған жаңа «Ақжайық» шағынауданының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда сегіз көпқабатты үй пайдалануға берілген. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты «Ақжайық» шағынауданының құрылыс барысымен танысты

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Шағынауданға алғашқы болып баспана кезегінде тұрған азаматтар қоныстанды. 2023 жылғы қыркүйекте 60 пәтерлі бесқабатты үйге тұрғындар қоныстанса, 2025 жылғы ақпанда тағы 120 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Жобаның алғашқы кезеңі аясында 25 тұрғын үй салу көзделген. Бүгінде шағынауданда 150 орындық медициналық оңалту орталығы пайдалануға беріліп, су айдау станциялары салынды, магистральді инженерлік желілер, жылу трассалары және ішкі жол инфрақұрылымы жүргізілді.

«Ақжайық – халық санының өсуі, қалалық инфрақұрылымды дамыту және өмір сапасын жақсарту мақсатымен бой көтеріп жатқан стратегиялық тұрғын аймақ. Біз тек үйлер салып қана қоймай, жас отбасылар мен мамандар, үй кезегінде тұрған азаматтар үшін толыққанды өмір сүру ортасын қалыптастыруымыз керек. Ол үшін құрылыс жұмыстары тұрақты жоспарлау қағидаттарына негізделіп, саябақтар, мектептер, емханалар және қолжетімді көлікпен қамтамасыз етілуі тиіс», деді Б.Ізмұхамбетов.

пп

Депутаттың айтуынша, қазіргі уақытта Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексі қаралып жатыр. Құжат құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда жедел әрекет етуді және құрылыс материалдарының сапасына қойылатын талаптарды қатаңдатуды көздейді.

Кездесу барысында 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселелері де көтерілді. Мәжілісмен Орал қаласы мен облыс аудандарында 2 мыңнан астам үй қалпына келтіріліп, қарғын судан жапа шеккен отбасыларға жаңа баспана немесе қаржылай өтемақы берілгенін атап өтті. Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл жұмыс «AMANAT» партиясы фракциясы мүшелерінің тұрақты бақылауында болатынына назар аударды.

вв

Былтыр партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында 637,4 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Жалпы 2028 жылға дейін 3,2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 100-ден астам көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ шамамен 600 км инженерлік-коммуналдық желі тарту жоспарланған. Бұл қадамдар 20 мыңға жуық отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.