Оқиға • Бүгін, 18:07

Атырауда мопедпен автобусқа соғылған жасөспірім көз жұмды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Құлсары қаласында қоғамдық көлік пен мопед соқтығысты. Жол апатының салдарынан мопедті айдаған жасөспірім мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда мопедпен автобусқа соғылған жасөспірім көз жұмды

Фото: new.tlt.ru

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға  7 шілдеде сағат 19:00 шамасында болған.

«Құлсары қаласында қоғамдық автокөлік пен мопед соқтығысты. Жол апатының салдарынан мопедтің рульінде отырған 2012 жылғы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Жасөспірім алған дене жарақаттарының салдарынан қайтыс болды. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс тіркелді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

«Ата-аналар мен көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға, әсіресе, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне баса назар аударуды ескертеміз. Әсіресе, мопед, скутер және өзге көлік құралдарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау – адам өмірінің басты кепілі. Кәмелетке толмаған балаларға арнайы қорғаныш құралдарынсыз және тиісті жүргізуші құжатынсыз жолға шығуға қатаң тыйым салынады», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.