Жергілікті басылымның жазуынша, қаланың үстінде алып толқынға ұқсас бұлттар пайда болды. Оқиға куәгерлері желіге суреттер мен видеолар салып бөлісіп жатыр. Бірі бұл көріністі әдемі деп жатса, енді бірі қорқынышты болғанын жасырмады.
- Қала алып көрпенің астында қалғандай болды. Бұрын-соңды мұндайды көрген емеспін. Аспан теңіз толқыны сияқты өз бетінше қозғалып жатқандай сезілді, – дейді куәгерлер.
Ақтау аспанынан мұндай бұлттар бірінші рет көрініп тұрған жоқ. Осындай құбылыс 2023 жылы да тіркелген. "Қазгидрометтің" облыстық филиалы бұлттардың бума тәріздес болғанын түсіндірген болатын.
Мамандардың айтуынша, мұндай бұлттар көбінесе суық фронттардан таралатын суық ауаның әсерінен пайда болады. Бұл сирек кездесетін табиғи құбылысқа жатады.