
«Бала кезімде әкеммен бірге циркке бардым. Билет алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрдық. Бір кезде біздің алдымызда алты баласымен тұрған ерлі-зайыптыны көзіміз шалды. Балақайлар өте мәз. Бірақ әкесі билет бағасын естігенде түнеріп кетті. Ол кісі әйелінің құлағына бірдеңе деп сыбырлады. Осы сәтте менің әкем қалтасынан жиырма доллар шығарып, әдейі жерге тастады да: «Мырзам, ақшаңыз түсіп қалыпты», деді. Әлгі кісі әкеме қарап, жердегі ақшаны алды да, көздері жасаурап, даусы дірілдеп «Рахмет!» деді. Сөйтті де, олар циркке қуана кірді. Ал әкем мені қолымнан жетектеп, кезектен шығарды. Өйткені біздің де сол кісіге берген жиырма доллардан басқа ақшамыз жоқ еді. Мен әкемді мақтан тұтамын. Себебі сол бір көрініс біз көре алмаған цирктен де керемет әсер қалдырды».