
Фото: ОКҚ
Бүгінде халықаралық әртістер, ұйымдастырушылар мен туристер тарапынан Астана қаласына қызығушылықтың артуы байқалып отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр елордаға 1,5 млн турист келген, оның 350 мыңы шетелдік қонақтар.
Спикердің айтуынша биыл елордаға 1,7 млн турист келеді деп күтіліп отыр, бірінші тоқсанда 300 мың турист келген, оның 68 мыңы – шетелдерден келген қонақтар.
«Астана бүгінде саяси және іскерлік орталық қана емес, сонымен қатар белсенді мәдени және оқиғалар алаңына айналып отыр. Backstreet Boys концерті сияқты ауқымды іс-шараларды өткізу қалаға төлем қабілеті жоғары туристерді тартады, бұл экономиканы ынталандырады және халықаралық қызығушылықты арттырады», деді Артем Квашук.